Коргалжынский район село Сабынды ТОО детский сад "Балдәурен"
 Қорғалжын ауданы Сабынды ауылы ЖШС "Балдәурен" балабақшасы

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күні!

05.05.2023

Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді. Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. Біздің "Балдәурен" балабақшасының бүлдіршіндері де бұл мерекені жоғары деңгейде өткізді! Әртүрлі ұлттардың ұлттық киімдерін киіп, мәдениетімен , өнерімен танысып, қызықты ақпаратттар алды. Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік, достар! 1 мамыр құтты болсын!

 

Просмотров: 3842


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст