Коргалжынский район село Сабынды ТОО детский сад "Балдәурен"
 Қорғалжын ауданы Сабынды ауылы ЖШС "Балдәурен" балабақшасы

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жасыл мекен" челленджі "Балдәурен" балабақшасында!

14.05.2023

«Жасыл мекен» челленджі көктемде көшет отырғызу арқылы қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды дәріптеумен қатар, еңбек құндылығын қалыптастыруға, айналаны көгалдандыруға, абаттандыруға бастама болып табылады. «Жасыл мекен» челленджі білім алушылардың бойында экологиялық мәдениетті дарытуға, табиғат пен қоршаған ортаны құрметтеуге, қоршаған ортаға ғана емес, адамдарға деген қамқорлық сезімін дамытуға бағытталған. Көшеттер отырғызу «мұғалім – білім алушы – ата-ана» үштігінің қарым-қатынасын нығайтуға көмектеседі.

Мақсаты: білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және еңбекқорлыққа баулу.

Міндеттері: білім алушылардың қоршаған ортаға қамқорлық сезімін ояту білім алушылардың табиғатқа ұқыптылықпен қарауын дамыту еңбекке деген құрмет сезімін ояту;

Бұл іс-шараға "Балдәурен" балабақшасының барлық ұжымы мен бүлдіршіндері қатысты және де челленджге Сабынды ауылдық округінің әкімі Хамитжанов Мұрат Бақтыбайұлы қатысты.

Просмотров: 3868


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст